Оқушыларды қашықтан оқытуға дайындалып жатырмыз – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер 5 сәуірде де осындай жағдай сақталса онда қашықтан оқыту жүйесіне көшуге мәжбүр боламыз. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникация қызметінің онлайн-брифингінде айтты.
Министр 16 наурыздан сәуірдің 5-не дейін балалар көктемгі демалысқа жіберілгенін атап өтті. Бұл аралықта мұғалімдер қашықтан жұмыс істеуге көшеді және олардың жалақысы толғымен сақталмақ.
5 сәуірден кейін қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтан оқыту жұмыстарына дайындалып жатырмыз. Бұл тұрғыда арнайы топ құрылған, олар 1,5 айдан бері жұмысын атқарып жатыр, - деді министр.
Ал, колледждер мен барлық ЖОО-ры 16 наурыздан бастап қашықтан оқу жүйесіне көшкен. Колледж мұғалімдері де жаңа жүйеге бейімделіп жатқан көрінеді.
Жоғары оқу орындары үшін қашықтан оқыту жүйесі бұрыннан таныс. Күнде пайдаланып жүрген құралдың бірі болғандықтан қиындық туғызып жатқан жоқ. Көптеген университеттер 16-на дейін қашықтан оқытуға көшіп кетті,-деді А. Аймағамбетов.Сонымен қатар, ол 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын тоқтатқандарын мәлімдеді.
Оған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркем сурет, өнер мектептері және тағы басқа білім беру ұйымдары жатады. Дегенмен осындай жекеменшік ұйымдар бар, әртүрлі дамыту орталықтары біздің құзыретімізде емес. Алайда ата-аналарға осындай ұйымдарға дәл қазіргі уақытта баланы апармай тұра тұрған дұрыс болады деп айтып жатырмыз,-деді ол.
Сөз арасында министр еліміздегі балабақшалар штатты режимде жұмысын атқарып жатқанын жеткізді. Баланы апару немесе апармау мәселесін ата-ананың өзі шешетін көрінеді.
Бала бірнеше күн бармаса орынын алып қояды деген норманы алып тастадық. Яғни баланың орны сақталады. Бүгін мониторинг жүргіздік, нәтижесінде балалардың 40 пайызы балабақшаға келгені белгілі болды. Әрине, егер баланы үйде алып қалу мүмкіндігі болса біз оған рұқсат етіп отырмыз,-деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус. Қазақстанда 10-адам тіркелді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы