Оқушылар ертегілерді комикс жанрында сөйлетті

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 17-18 ақпан аралығында "Қазақ ертегілері мен аңыздары комикс жанрында" атты қалалық байқауы өтті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Сайысқа қаланың 22 мектебінен 45 оқушы қатысты. Ұстаздардың айтуынша балалардың комикс жанрына деген қызығушылығы жоғары. 




Қазақ ертегілерін түрлі-түсті суреттермен комикс жарныда салды. Қабілеті жоғары балалар өте көп. Байқауда балаларға комикс жанрын жан-жақты үйрену,  комикс жанры арқылы ертегілердің сюжетін барынша көркемдеп салу тапсырылды. Қазақ ертегілері мен аңыздарын талдау, түсіну байқаудың басты талабы болды. Осы жанр арқылы балалардың қазақтың ертегі мен аңыздарына қызығушылығын артқанын байқадық, - дейді Оқушылар сарайының бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі Гүлнар Жақыпқызы.


Байқаудың бас жүлдесін №3 мектеп-гимназия оқушысы Мартемьянова Элина иеленді. Ол "Жезтырнақ" ертегісінің желісі бойынша комикс жанрындағы суреттер желісін салған. Бірінші орынды Түсіпова Аружан мен Оразалина Амина бөлісті. Байқауға қатысушы балалар арнайы сертификаттармен, жеңімпаздар дипломдармен, ал ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.






 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы