Оқулықтарға "жасырын" шолу жасауды енгіземіз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістегі үкімет сағатында білім министрі Асхат Аймағамбетов бүгінде оқулықтардың сапасын арттыру бойынша нақты қандай шаралар қабылдағаны туралы айтты.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында оқулықтардың сапасына назар аударып, мектеп оқушыларын сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті екенін атап өткен болатын.
"Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында оқулықтарды әзірлеу мен сараптау тәсілін өзгерттік. Республиканың барлық өңірлерінде мұғалімдер қоғамдастығымен және сарапшылармен оқулықтардың макетін талқылау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сараптаманың ашықтығын қамтамасыз ету үшін оқулықтар ашық порталда орналастырылады", - деді ведомство басшысы.
Осы мәселелерді шешу, оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың сапасын жақсарту және сараптау тетігін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқулықтарға "жасырын" шолу жасау, сарапшыларды сертификаттау ұйымдастырылады.
Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап EPUB форматындағы 1-10 сыныптарға арналған оқулықтардың электронды нұсқалары Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылды. Бұл жаңашылдық студенттерге оқулықтарды электронды құрылғылар арқылы пайдалануға мүмкіндік береді және студенттер портфолиосының салмағын жеңілдеді.