Оңтүстікте аптап ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-20 шілдеде оңтүстік циклонның шығуы Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде күн күркіреумен, екпінді желмен өткінші жаңбыр жауып, бұршақтың түсуі ықтимал. Бірақ температуралық фон жоғары 30…38 градус. Оңтүстікте және батыста кей жерде 42 градус болып қалады. Сондай-ақ, республика бойынша кей жерде шаңды дауылмен бірге жел күшейеді, - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы