Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда тағы 367 адамның коронавирус анықталған, осылайша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 7134 адамға жетіп, 50 науқас көз жұмған.
Елдегі аурудың алдына алу және бақылау жөніндегі орталықтың мәліметінше, өткен тәулікте Тэгу қаласында 294 адамның коронавирус жұқтырған, Кёнсан-Пукто провинциясында – 32, Сеул мен Кёнгидо провинцияларында 12 адамнан қауіпті індет анықталған. Сондай-ақ 6 адам көз жұмған, осылайша коронавирустан өлгендер саны 50-ге жетіп отыр. 130 адам жазылып шыққан. 19 376 адамның қаны сараптамаға алынған.Сеулде вирусты жұқтырғандар саны 120-ға жеткен, Тэгуде- 5387, Кёнсан-Пукто провинциясында – 1081, Кёнгидо провинциясында 142 адамнан коронавирус анықталған. Пусан қаласында 97 жағдай тіркелген, оның ішінде жүкті бір әйел бар. Вирус жұқтырғандардың 4,3 мыңы Синчхончжи сектасымен байланысы бар екені анықталып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда "Көрпе FEST" мегафестивалі өтті
Өзгелердің жаңалығы