Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 6284 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корея Республикасында өткен тәулікте 518 адам коронавирусты жаңадан жұқтырған. Осылайша жұқтырғандар саны 6284-ке жетті.
Қайтыс болған саны 42 адамға жетті. Бұл туралы КР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымы (KCDC) хабарлады.Кореяда мектептер мен мектепке дейінгі білім мекемелерінде 23 наурызға дейін сабақ тоқтатылғанын бұған дейін хабарланды.
KCDC таратқан соңғы деректерге сүйенсек, жаңадан жұқтырған 367 адам Тэгу қаласында, Кёнсан-Пукто провинциясында 123 адам және қалғандары басқа аудандардан коронавируспен ауырып қалған. Тәулік ішінде тағы 7 науқас қайтыс болып, жалпы қаза тапқандар саны 42 адамға жетті. 108 адам ауруханадан сауығып шықты. 21 832 адамның анализі талдауда жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ол ұры еді. Экс-президентті 7 жылға соттауды сұрады
Келесі жаңалық
Астана Дүниежүзілік туристік альянсқа мүше болды
Өзгелердің жаңалығы