Оңтүстік Кореяда автоматтандырылған кинотеатрлар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда кинотеатр иелері көрермен өзін қауіпсіз сезінуі және COVID-19 вирусын жұқтырып алудан қорықпауы үшін автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтін болды.
Variety басылымы хабарлауынша, бұл жүйе бүкіл әлемде алғаш рет қолға алынған, деп жазады Massaget.kz.Мысалы, Ёыйдо аралындағы CJ-CGV кинотеатрлар желісінің залдарында қызметкерлерді роботтар алмастырды және билеттерді сатып алу және сканерлеуге арналған автоматты кассалар орнатылды.
Сонымен қатар көрермендерге басқа адамдармен байланыссыз-ақ арнайы мобильді қосымша арқала тамақ пен сусындарға тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған.
Осыған ұқсас жүйе Lotte Cinema желісіне тиесілі 130 кинотеатрдың 22-сіне енгізілген. Келушілер билеттерді брондауға, айырбастауға, алуға және тағамдарға тапсырыс беру үшін AI киосктерді пайдалана алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл "Музей түні" онлайн өтеді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы