Оңтүстік өңірлерде өзен суы деңгейінен көтерілуі мүмкін

Астана, BAQ.KZ. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты оңтүстік өңірлерде қар еруі мен өзен деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп ескертеді «Қазгидромет» РМК.

17-19 қаңтар аралығында ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты Алматы облысында қар еруі және ағынды судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

18-19 қаңтар аралығында жауын-шашынның түсуі болжамына (19 қаңтар қатты) және ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының әлсіреуі, өзен арнасының ысылу және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы