ОҚМПУ ректоры қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ректоры қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

"ОҚМПУ" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы жұмыстан босатылды. Еңбек кодексін, ҚР "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңын және "ОҚМПУ" КЕАҚ Жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР БҒМ бұйрығымен 7 ақпанда Анар Қайырбекова қызметінен босатылды. Өкінішке орай, жұмысты ұйымдастыру барысында А. Қайырбекова тарапынан кемшіліктерге жол беріліп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен белгіленген міндеттер орындалмаған, - делінген ақпаратта.
Бос лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы аяқталғанға дейін проректорлардың бірі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы