О дүниеге барып келген ер адам не көргенін айтып берді

Ноттингем қаласының (Ұлыбритания) 85 жастағы тұрғыны Дэйв Синглтон осыдан 20 жыл бұрын басынан өткерген клиникалық өлім туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Mirror мәліметінше, Дэйвте жүрек блокадасы болған, бұл дегеніміз жүрек баяу соғатын немесе қалыпты ырғағы бұзылған деген сөз. 65 жасқа толар шағында ер адам жүрек соғысының баяулағанын сезген, сөйтіп әлсірей бастаған. Шақыртуға келген жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген.

Жүрек соғысым тоқтай бастағандай болды. Мені бірден бірнеше аппаратқа қосты, дәрігерлердің қоршап алғанын көрдім, - дейді ол.

Оны төсекке ауыстырған бойда оның жүрегі тоқтап қалған.

Қараңғыланып кеткендей көрінді, құтты пердемен жауып қойғандай, бірақ маған бірден реанимация жасады, – деп еске алды ер адам.

Бірақ бұдан кейін де дәрігерлерге оны бірнеше рет реанимациялауға тура келген. Ол 8 минут бойы ес-түссіз жатқан.

Күн астында әдемі бақта отыр екенмін. Артқы жағымда төпешік көрініп тұрды. Соның арғы жағында адамдардың күліп жатқанын естідім. Достарым мен жақындарым ерекше оқиғаны атап өту үшін жиналған екен. Бірақ мен оларға барған жоқпын, орнымда қалдым. Себебі сондай жайлы болды. Сондай бақытты едім, – деді Дэйв.

Сол сәтте дәрігерлер оны құтқаруға тырысып жатқан.

Көзімді ашсам, дәрігерлер қоршап тұр екен. Шыны керек, оралғым келген жоқ, себебі қолайсыз әрі у-шу болып жатты, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы