Қоғамдық мәселелер көшеде емес, кеңесте талқылану керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзіне қатысты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы пікір білдірді.
Бүгін ел президентінің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті. Бұл басқосу, негізінен, денсаулық сақтау мен білім беру саласының мәселелеріне арналды. Жиында мемлекет басшысы осы аталған салаларды одан әрі реформалау бойынша нақты ұстанымдарын жария етті. Кеңес мүшелері де өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамдағы өзекті мәселелерді уақтылы көтеруімен ерекшеленіп келеді. Бұл президент айтқан "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының іске асып отырғанының көрінісі, - дейді Мұрат Бақтиярұлы.Оның айтуынша, себебі қоғамдық мәселелердің көшеде емес, осындай кеңесте дер кезінде талқыланып, шешімдердің ұсынылуы өте маңызды.
Президенттің нақты тапсырмалары заң нормаларында көрініс табуы керек. Сондықтан биыл Парламентке осы аталған мәселелерді қамтитын бірнеше заң жобасы келіп түсуі мүмкін. Мысалы, білім саласына қатысты, оның ішінде ЖОО мұғалімдерінің жалақысын, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысын көтеруге байланысты заңдар әзірленуі мүмкін. Қазірдің өзінде Мәжіліске ғылым мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы келіп түсті.Сондықтан, президенттің көтерген бастамалары мен берген тапсырмаларының заң нормаларымен бекітілуі аса маңызды,- дейді депутат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі қылмыстық топ ұсталды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы