Қоғамдық кеңестерге түрлі әлеуметтік топ өкілдерін тарту қажет - Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу керек. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажет. Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру керек. Парламент қаралымдағы тиісті заң жобасына жыл соңына дейін қабылдаған жөн. Қоғамдық кеңестер құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту қажет, - деді ол.
Тоқаев атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі адамдар осындай ұйымдардың жұмысына араласуына қолайлы жағдай жасау керек.
Олар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болуы тиіс, - деді Президент.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы