Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері таңғы сағат алтыдан бастап қоғамдық көлік тоқтағанша жолаушылармен жұмыс істейді. Олар адамдардың бептерде тағуын тексереді, сақтану шараларын түсіндіреді. Жолаушыда бетперде болмаған жағдайда, автобустан түсуді сұрайды.
Оған қоса автобус іші 50% жолаушыға толғанда, аялдамаға тоқтағанымен, алдыңғы есігі ашылмайды. Жүргізуші басқа жолаушыларды шығару үшін қалған есіктерді ашады. Бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалады.Еске салайық, ел бойынша төтенше жағдай режимі 11 мамыр күні алынып тасталды. Эпидемиялогиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары біртіндеп алынып жатыр. Сол себепті қоғамдық көліктегі жолаушылар саны өсіп келеді. Мәселен, автобустардың линияға шыққан күні, 12 мамырда 146 907 жолаушы болса, жұма күні олардың саны 237 969-ға жетті. Қоғамдық көлік 15 мамырдан бастап таңғы сағат 6-дан 22:00-ге дейін жүреді.
Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтап, қала карантиннің қатаң шараларына қайта оралуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда коронавирустан 1 адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы