Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі – әрбір адамның денсаулығын нығайтудың негізі
Астана, BAQ.KZ. Қоғамның ұйымдасқан күштері арқылы аурулардың алдын алу, өмірді ұзарту және денсаулықты нығайту ғылымы мен өнерді біріктіретін Қоғамдық денсаулық сақтау халықтың денсаулығын жақсартуға үлесін қосуда. Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау қызметі 1978 жылғы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы декларациясымен тығыз байланысты.
Еліміздің қоғамдық денсаулық сақтау қызметі әрбір адамның денсаулығын өмірінің барлық кезеңінде нығайтудың негізі болып саналады.
Денсаулық сақтау саласындағы серіктестік шеңберінде азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, жекеменшік сектор және халықтың мүдделі топтары біріккен күшпен ұйымдардың бірде-біреуі жеке қамтамасыз ете алмайтын денсаулық көрсеткіштерін жақсарта алады.
Осыған байланысты, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы құрылғанынан бастап-ақ халықаралық және қоғамдық бірлестіктермен, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен Меморандумдар жасады.
Олар – «ЮНИСЕФ» БҰҰ Балалар қоры, «Назарбаев Университет» білім беру бойынша автономды ұйым, Астана Медицина университеті, Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті, «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университеті, ҚР Президенті істерін басқару медициналық орталығының ауруханасы, «PrimaryHealthCare» Ұлттық ассоциациясы, «Медицинадағы симуляциялық оқыту мен тәуелсіз сараптама одағы» және басқалар.
Тараптар Қазақстанды халықаралық қауымдастықтағы позициясын көрсетуге мүмкіндік беретін «Қазақстанның салауатты қалалары (өңірлері)» Ұлттық желісін құру, «Орталық Азия және Кавказ елдерінде әлеуетті және серіктестікті дамыту өңірлік тұғырнамасын» іске қосу, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары және қауіп-қатер факторларының, инфекциялық емес аурулардың таралуын ұлттық зерттеу, қоғамдық денсаулық сақтау талаптарына сай келетін, бәсекелестікке қабілетті менеджерлерді даярлау және басқ. сияқты бағыттарда өзара іс-қимыл жасауға ниетті.
Мысалы, ЮНИСЕФ-пен жасасқан Меморандумның шеңберінде Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі суб-өңірде ана мен баланың тамақтануын жақсарту бойынша жоспар құрылды, ҚР Президенті істерін басқару медициналық орталығымен Жастар денсаулық орталықтарының қызметі бойынша, Астана Медицина университетімен қазақстандықтардың тамақтану және тұзды, қантты, трансмайларды пайдалану мәселелері бойынша, ҚММУ-мен антибиотиктерге сезгіштікке жобалық медицинада жүргізілетін зерттеулер саласында, стандарттарды әзірлеу бойынша, «PrimaryHealthCare»-мен Ауруларды басқару бағдарламасын оқыту бойынша бойынша жоспар құрылды.
Маңызды оқиғалардың бірі – IANPHI – 96 елден құралатын 110 мүшесі бар қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институттарының кәсіби ассоциациясына мүшесі болу.
Серіктестікті дамыту Ұлттық орталыққа қоғамның мүддесі үшін денсаулық сақтау саласына ұлттық және ғаламдық деңгейлерде үлес қосудың тиімділігін арттыруға, денсаулықтың әлеуметтік детерминанттарымен байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.