Қоғамдық бақылау медициналық ұйымдарда жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзден астам қазақстандық медициналық ұйымдарды қоғамдық бақылау тобына кіруге ниетті екенін айтқан.
Бір тәулікке жетпейтін уақыт ішінде бізге жүзден астам адам хабарласып, қоғамдық бақылау тобына кіргісі келетінін айтты. Көбінесе Қазақстан аймақтарынан аудан орталықтары мен ауыл тұрғындары хабарласты. Адамдар туыстары мен жақындары қандай мәселемен бетпе-бет келгендері туралы жазып жатыр. Көптеген сын, ұсыныстар жазылуда. Көбінесе дәрігерлердің жұмыс жағдайы, ауруханаға түскен науқастардың жағдайы, елімізге келген гуманитарлық көмектің дұрыс бөлінуі туралы сұрақтар қойылуда, - дейді қоғамдық бақылау үйлестірушісі, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас.
Оның айтуынша, қазір қоғамдық бақылау штабы құрылуда.
Біз ұйымдастырудың қиын кезеңіндеміз. Медициналық ұйымдар, жергілікті әкімдік, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс механизмін жасап жатырмыз. Ертең кешке дейін өңірлік үйлестірушілер тізімі жарияланады. Сонымен қатар, қоғам белсенділерін жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тырысудамыз, себебі адамдардың қауіпсіздігі - бірінші мәселе, - дейді ол.
Қоғамдық бақылау тобының жұмысына халық қалаулылары да қатысқысы келетінін айтып өту керек. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова да осы топқа қосылғысы келетінін айтты. Бұдан басқа да көптеген қазақстандық қоғамдық бақылау тобында волонтер болғысы келеді.
Мен Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында волонтер болуға дайынмын. Өзім COVID-19-бен ауырдым. Аудитор болып жұмыс істеймін. Қай жерге көмек керек сол жерге қол ұшын соза аламын. Қоғамдық бақылау тобына кіріп, ауруханада көмектескім келеді, - деп жазды қала тұрғыны Айжан Сүлейменова.
Еске сала кетсек бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханада емделіп жатқан науқастарға дәрі-дәрмек жетпей жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты жауап берген еді. Министр медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын қоғамдық бақылау құратынын айтқан.
Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас қазақстандықтарды Қоғамдық бақылау тобына қосылып, медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізуге шақырған болатын. Лима Диас аталған топқа қосылу немесе ұсыныс айту бойынша жоба үйлестірушісіне хабарлама немесе diaslimakz@gmail.com эл.поштасына хат жазуға болатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президенттік клиниканың дәрігері коронавирустан қайтыс болды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы