Қоғам мен мемлекет бірге жұмыс істеуі керек – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президенттік жастар кадрлық резервімен кездесу кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.
Бүгінгі күні Президенттің халыққа Жолдауы белсенді талқыланып жатыр. Қоғамның арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Бұл құжаттың бірегей екені айтпаса да белгілі. Құжатта заманауи Қазақстанды жүйелі модернизациялау бойынша бірқатар шара көрсетілген. Оның тиімді жүзеге асыру үшін қоғам мен мемлекет бірге жұмыс істеулері керек. Ең маңызды қадамдардың бірі қоғамға Жолдаудағы маңызды аспектілерді жеткізу және оны жүзуге асыру бойынша шараларды нақты жоспарлау, - деді министр.
Балаева Жолдауды түсіндіру, талқылау жұмыстары қоғамның үлкен бөлігін қамтып отырғанын айтты. Бұл кездесу де соның бір мысалы. Әр адамның қатысуы оның жүзеге асуының жетістігі.
Республика бойынша Жолдауды түсіндіру бойынша көптеген кездесу, дөңгелек үстел және конференция өтті. Айта кетсек, соңғы 10 күннің ішінде БАҚ-та 5 000 аса ақпараттар жарияланды. Оның ішінде әлеуметтік желілерді айтпағанда, республикалық, аймақтық БАҚ-тар бар, - деді Аида Балаева.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қолданушылардың осы бағыттағы белсенділіктерін байқауға болады.
Сарапшылардың көбі Жолдаудың біршама пунктінде үндеулер, ұсыныстар бар екенін айтатыны қуантады. Осыдан «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жұмыс істеп тұрғанын көруге болады. Демек қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс бар. Мемлекет қоғамды естиді. Жолдаудағы 11 бағыт қоғамның сұранысына жауап береді, - деді Ақпарат министрі кездесуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Абай сөзі» онлайн-оқулары өз мәресіне жетті
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы