НЗМ-дағы шу: министрлік мұғалімді балағаттаған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы НЗМ-дегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомствоның ресми өкілі атағандай, біздің елімізде ұстаздың мәртебесі заңмен бекітілген, бұл – оның қоғамдағы орны ерекше екенін білдіреді. Ұстаз – бала тәрбиелеп, ұрпаққа жол көрсететін ардақты жан. Сондықтан ата-ана мен оқушы тарапынан мұғалімге құрметпен қарау – ең алдымен адамгершіліктің белгісі. Білімге сенім – сол білімді беріп отырған ұстазға сенуден басталады. Мұғалімнің абыройына күмән келтіру – бүкіл жүйенің беделін түсірумен бірдей.
Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі педагогтің қадір-қасиетін төмендететін кез келген әрекетке қатаң сын көзқараспен қарайды. Сонымен қатар бұл оқиғада оқушы өз қателігін түсініп, өкініш білдіріп отыр. Енді НЗМ бұл жағдайды тек ішкі тәртіппен ғана емес, сондай-ақ адамгершілік, кешірімділік пен нағыз ұстаздық ұстанымдарға сүйене отырып шешеді деп үміттенеміз, - деді Мереке Амангелдіқызы.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселеге өзі жіті назар аударып, тиісті тапсырмалар берді. Министрдің нұсқауына сәйкес, аталған мәселемен Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және аймақтық департаменттің өкілдері айналысады.
Министр "НЗМ" басқарма төрағасы Ануар Жанғозинмен сөйлесті. Басқарма төрағасы мәселені жеке қолға алғандығын, жағдайды жан-жақты қарап, не болғанын әділ бағалап, дұрыс шешім қабылдайтынына сендірді, - деп қосты ведомство өкілі.
- ШҚО-да робот-иттер алғаш рет қоғамдық тәртіпті күзетуге шықты 06:35
- Франциядағы Монблан тауында тас құлап, чехиялық альпинист қаза тапты 05:18
- АҚШ Иран мұнайын өз бақылауында қалдыруы мүмкін – Трамп 04:27
- Зардап шеккендер бар: Астана – Петропавл тасжолында екі көлік соқтығысты 03:40
- Жаңбыр, тұман, қатты жел: Ел аумағында ескерту жарияланды 02:34
- Индонезиядағы паром апаты: 6 адам қаза тауып, 130 адам іздестіріліп жатыр 01:29
- АҚШ тауарларына бойкот: Канада дүкендері жаңа жеткізушілер іздеп жатыр 00:30