Нью-Йорктің ең үлкен экранында Димашты қолдайтын бейнеролик қосылды

Димаштың «Omir» композициясын қолдауға арналған бейнеролик Таймс-Скверде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 маусымда Нью-Йорктегі ең үлкен және әйгілі LED экрандарының бірі Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің «Omir» жаңа музыкалық бейнебаянын және оның алдағы Малайзиядағы жеке концертіне қолдау ретінде бейнеролик іске қосылды.

Үш бейнероликтің көрсетілімін қазақстандық әртіс Dimash Official Fanclub ресми фан-клубы ұйымдастырды.

Бір күн ішінде олар әр 20 минут сайын LED экранында көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы алғашқы жеке концерті 24 маусымда өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы