Нью-Йорктің бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қалың қар жауып, боран соғып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Елді мекендерде көлік қозғалысы қиындады. Қолайсыз күн райына байланысты аймақ губернаторы Кэти Хокул бірнеше округ аумағында төтенше жағдай жариялауға мәжбүр.
Біздің төтенше жағдай мамандары боранға қарсы сақадай сай, - деп жазды аймақ губернаторы Кэти Хокул әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Бірақ куәгерлердің айтуынша, өңірдегі коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне толық дайын болмай шыққан. Метеорологтар тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес беріп жатыр. Синоптиктер Мичиган штатында да қар қалың түсетінін ескертті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтауда бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды
Өзгелердің жаңалығы