Нью-Йоркте полиомиелит вирусы табылып, төтенше жағдай жарияланды
Нью-Йорк штатының губернаторы төтенше жағдай жариялады. Штаттағы төрт округтен алынған судың сынамаларынан полиомиелит вирусы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Төтенше жағдай тұрғындар арасында вакцина салуды жеделдету үшін қажет делінген. Өткен аптада Нью-Йорктың іргесіндегі бірнеше округтан қауіпті вирус шыққан болатын. Денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша АҚШ соңғы он жылда тіркелмеген полиомиелит шілдеде ересек адамнан анықталды. Вирустың қауіптілігі сал ауруына әкелуі мүмкін.
Бірақ оның алдын алу үшін вакцина салдыру керек. Алғаш рет оған қарсы екпе 1955 жылы шығарылды. Үш реттік вакциналудан кейін адам ағзасында 100 пайыздық иммунитет пайда болады екен. Вирус ерсектерге де жұғады, бірақ 3 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.
Сондықтан штат билігі екпе салдырмаған барлық тұрғындарға дереу вакцина алуды үгіттеп жатыр. Нью-Йорктегі төтенше жағдай қазан айының 9-ына дейін жарияланды. Штат билігі бір айдың ішінде халықтың 90 процентін екпеден өткізбек.