Нью-Йоркте коронавирус жұқтырғандар саны 89-ға жетті

Алматы, BAQ.KZ. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо Twitter-ді микроблогына штатта 89 адамның коронавирус жұқтырғанын жазды. 


Нью-Йорк штатында тағы 13 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың жалпы саны 89-ға жетті, - деп жазды ол.

Оның жазуынша, Уэстчестер қаласында 70 адамнан коронавирус анықталған, Нью-Йоркте – 11, Нассауда – 4, Рокленд аймағында – 2, Саратогада – 2 жағдай тіркелген. 

Сонымен қатар, ол қазір штатта коронавиурске қарсы күніне 20-30 тест жасауға ғана қауқарлы екенін, алдағы уақытта күніне 1000 тест жасауға дейін жеткізетіндерін жазды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы