Нью-Йорк мэріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл – қала тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Федералдық прокуратура Эрик Адамс пен оның көмекшілеріне қатысты бір жыл бойы тергеу жүргізіп келген. 

Қала басшысының нақты қандай айып бойынша күдікке ілінгені белгісіз. 

Десе де, ол көпшілік алдында мәлімдеме жасап, еш кінәсі жоқ екенін жария етті. Эрик Адамс 2022 жылы Нью-Йорк мэрі болып сайланды. Сол уақыттан бері ол қалада қылмысты азайту бойынша көп жұмыс атқарып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы