Түркістанда Нью-Йорк баспалдағы бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерекше сәулетімен таң қалдыратын Нью-Йорк баспалдағы жастар мен туристердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қаласында ашық аспан астында өтетін думанды мерекелерге арналған жаңа алаң пайда болды. 


Шаһардағы Есімхан алаңында әлемге әйгілі Нью-Йорк баспалдағы салынуда. Ашық аспан астында орналасқан ерекше дизайнды демалыс орнында Open Space үлгісіндегі іс-шаралар, сан алуан сайыстар мен фестивальдер өткізіледі. Түркістандықтар мен өңір қонақтары үлкен экранда тегін фильмдер мен футбол ойындарын тамашалай алады, - делінген хабарламада.

Тұрғындарды мәдени, рухани жағынан байыту, оларды бірлікке шақыру, жаздың кешкі күндерін көңілді өткізуге септігін тигізу мақсатында қолға алынған жаңа жоба бір бірдан соң іске қосылады, деп жоспарлануда. Ашық сахналы, айналмалы баспалдақты демалыс орнының биіктігі – 4,5 метр, ені – 11 метрге есептелген. Ерекше сәулетімен таң қалдыратын Нью-Йорк баспалдағы жастар мен туристердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.     


Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Құрылысшылар еңбек қауіпсіздігімен қатар, төтенше жағдай ережелерін қатаң ұстануда. Барлық санитарлық талаптар күшейтілген.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы