Нысаналы трансферт бойынша жоспар 26 млрд теңгеге орындалмауы мүмкін - Жамаубаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің онлайн өткен отырысында айтты. 

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жыл соңында нысаналы трансферт аясында 26 млрд теңге сомасында жоспардың орындалмауы күтілуде. Оның негізгі себептері: мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, жоспарға қарағанда алушылардың нақты сананың азаюы, жұмыс кестесінен артта қалу мен жұмыс көлемінің орындалмауы, - деді ол.
Жамаубаев бұл ретте республикалық бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеру үшін барлық шараны қабылдауы керек. 
Өткен 11 айда камералдық бақылау сомасы 10,1 трлн теңгеге мемлекеттік сатып алулар рәсімін қамтыды. Тексеру қорытындысы бойынша сомасы 806 млрд теңгеге бұзушылықтар ескертілді. Аудит нысандарының тиімділігін арттыру үшін 17 132 ұсыным берілді. Оның ішінде 1 339 орындалды, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы