Нысана көздеуден Гран-при жарысында ел қоржынына 2 медаль түсті

Чехияның Пльзень қаласында нысана көздеуден Гран-при бәсекесі өтіп жатыр, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қолаға қол жеткізді.

Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы