Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті.
Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, cонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер өтпеуі мүмкін
Келесі жаңалық
Президент Бас Прокурордың орынбасарын тағайындады
Өзгелердің жаңалығы