Нығматулинге іздеу жарияланды

Бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Зайруллаұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

3 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұрынғы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің үлкен ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады. 

Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Ниғматулин А.З. және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу аясында Ниғматулин А.З. күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Арғын Нығматулин – Ерлан мен Нұрлан Нығматулиндердің үлкен ағасы. Ол – "Сарыарқа хоккей клубының" директоры, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы