Нығматулиндердің ісіне қатысты арыздар қаралып жатыр

Бұл туралы сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық іздеуде жүрген Арғын Нығматулиннің ісін Бас прокуратура қарап жатыр.

Нұрлан мен Ерлан Зайруллаұлына қатысты қатысты түскен шағымдар қазір қаралып жатыр. Бірдеңе деп айту әлі ерте. Арғын Нығматулинге келетін болсақ, бұл істі Бас прокуратура қарап жатыр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл Қарағанды облысындағы хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегіне қатысты. Ол халықаралық іздеуде жүр. Оның орналасқан жерін анықтаған соң, экстрадициялау бойынша шаралар қабылданады, - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Зайруллаұлына іздеу жарияланғаны жайлы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы