Нығматулин: Парламент сайлауы - халқымыз үшін өте маңызды саяси қадам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді.

Өздеріңіз біліп отырсыздар, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Парламент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Парламент сайлауы - біздің еліміз, халқымыз үшін өте маңызды саяси қадам. Тәуелсіздік жылдарында парламенттік әрі президенттік сайлауды өткізу кезінде қазақстандықтар үнемі саяси жоғары мәдениетті көрсетіп келе жатыр. Себебі Парламент сайлауы еліміздегі барлық саяси партиялардың өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді,- деді Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге, еліміздің дамуына жаңа серпін береді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады. Яғни алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Жалпы, «Сайлау туралы» заңның 85-бабына сәйкес, Президент Мәжіліс депутаттарының сайлауын олардың өкілеттігі мерзімінің бітуінен кемінде бес ай бұрын тағайындауы тиіс болатын. Мәжілістің алтыншы шақырылымының алғашқы сессиясы 2016 жылдың  25 наурызында басталған. Сол себепті Мәжіліс сайлауы заңға сәйкес 25 қазанға дейін жарияланып үлгерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы