Нығматулин өкілеттігін тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы А. Щегорцова 

Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 жылғы 1 ақпан, № 8/444

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы