Нығматулин түскен ақшаны жоғалтып жіберетін "ҚазАгроны" Бермуд үшбұрышына теңеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бюджеттік қолдау қаражатын тарту жүйесін өзгерту қажеттігін айтты. 

Мәжілістің жалпы отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарау кезінде депутаттар "ҚазАгро" холдингіне қатысты мәселені көтерді. Осы жылдың басында холдингте 50 млрд теңгені құрайтын 83 проблемалық жоба болған: сүт фермалары, асыл тұқымды малды бордақылау алаңдары, астық қоймалары және басқалар.
"ҚазАгро" еліміздің ауыл шаруашылығын дамытудағы аса маңызды стратегиялық жобаларын жүзеге асыратын негізгі қаржы операторы. Бұл компанияға жылына жүздеген миллиард теңге қаржы бөлінеді.Алайда "ҚазАгроның" тиімділігі күмән тудырады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазАгроның" жинақталған шығыны шамамен 400 миллиард теңгені құрады. Қарап отырсаң, шығыннан басқа бітіріп жатқан ештеңесі жоқ секілді көрінеді. Ал негізгі бұл компания кіріс әкелу үшін құрылған.  Жалпы, "ҚазАгро" – бұл жұмбақ құрылым.  Бермуд үшбұрышының бір түріне ұқсайды: бюджеттен ақша осында келіп түседі сосын жоғалады", - дейді Нұрлан Нығматулин.

 Сонымен бірге Мәжіліс спикері бюджет қаражатын ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне тартудың қолданыстағы жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттілігіне тоқталды.
"Енді "ҚазАгроның" жарғылық капиталын 60 млрд теңге етіп толтыру қайта қосу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік саясатты қаржыландыруды тоқтата алмайтынымыз түсінікті. Бірақ мұндай тиімсіз компаниялар арқылы мемлекет қаражатын үздіксіз енгізуге жол берілмеуі керек.  Менің ойымша, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бюджеттік қолдау қаражатын тарту жүйесін түбегейлі өзгерту қажет", - деді ол.






Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы