Нығматулин: Бірлік күні - ұлттар арасындағы достықты одан әрі тереңдете түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды халықтар достығының, бірліктің және бейбітшіліктің символына айналған 1 мамыр мерекесімен құттықтады.
Барша қазақстандықты еліміздің татулығы мен тұтастығын бейнелейтін «Бірлік күні» мерекесімен құттықтаймын. Көпұлтты халықтың ырысы мен ынтымақтастығы және бейбіт өмірі - біздің басты байлығымыз. Сондықтан осындай айтулы мейрам ұлттар арасындағы достықты одан әрі тереңдете түседі, - деді Нұрлан Нығматулин.
Осы ретте, Мәжіліс төрағасы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрқашан халықтың береке-бірлігіне, қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тыныштығына баса назар аударып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың негізін қалағанын атап өтті.
Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытты одан әрі жалғастырып келе жатқанын айтып, барлық қазақстандыққа, әрбір отбасына бақ-береке, молшылық, елімізге тыныштық тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы