Нығматулин Семей дәрігерлерімен "Денсаулық туралы" кодексті талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Мәжіліс қарауына енгізілген "Денсаулық туралы" кодекс жобасы Палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Шығыс Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесуде әңгіме өзегіне айналды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Талқылау Мәжіліс төрағасының өңірге сапары барысында Семей қаласындағы жедел медициналық көмек ауруханасында өтті.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Кодекстің жаңа жобасы елімізде медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосу керектігін атап өтті.

Заң жобасында аурулардың алдын-алу, дәрігерге дейін және дәрігерлік көмек көрсету деңгейін анықтау, сондай-ақ трансплантологиялық жаңа қадамдарға қатысты көптеген жаңалықтар қарастырылған. Мәжіліс төрағасы атап өткендей, қазіргі уақытта Палата қарауындағы үкіметтік нұсқа депутаттардың аймақтарға сапары барысында түрлі орталарда жан-жақты талқылануда.

Негізгі жұмыс құрамына Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар, МЕҰ мүшелері, медициналық қызметкерлер қамтылған жұмыс тобында тиянақты қолға алынуда.

Бүгінгі дәрігерлер ғана емес, мектептер мен бала-бақшалар басшылары, психологтар мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысқан мазмұнды жиында трансплантология, алдын-алу екпелері, скринингтік зерттеулер басқа да өзекті сұрақтар талқыланды.

Мәжіліс Төрағасы бұл құжат туралы қорытынды жасауға әлі ерте екенін, барлық ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, халыққа қажетті, сапалы заң қабылданатынын атап өтті.

  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы