Нығматулин көпбалалы аналармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында, Өскемендегі Еңбекпен қамту орталығында болып, көп балалы аналармен және мекеме қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин аталған орталыққа келушілердің әлеуметтік ахуалымен, АӘК жаңа түріне байланысты құжаттық рәсімдеу жайымен және қызмет көрсету сапасымен, басқа да өзекті сұрақтармен танысты.

Мәжіліс төрағасымен кездесушілер қатарында болған аналар түрлі мемлекеттік қолдау арқылы қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Мәжіліс спикері осы жылдан бастап көп балалы аналарға жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғанын еске салды. Ол бала санына қарай 42,5 теңгеден 74 мың теңгеге дейін қамтиды. Бұл жәрдемақыны төлеуде отбасы кірісі есепке алынбайды. АӘК төлеудің міндетті шарты еңбекке орналастыру, - делінген ақпаратта.

Тиісті білім немесе мамандық болмаған жағдайда "Еңбек" бағдарламасы арқылы мемлекет есебінен оқып, мамандық алуға мүмкіндік беріледі.

Өткен жылдың 11 айы ішінде 12 мың қазақстандық қатысып, АӘК алып, өз бизнестерін ашқан. 120 мың ауыл азаматтары өздерінің жеке шаруашылықтары жұмысын жолға қойған.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы