Нығматулин: Елбасының еуразиялық бастамасы әлемдік деңгейде зор әлеуетке ие
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілісте Палата cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.
Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады.
Елбасының еуразиялық бастамасы бүгінгі күні әлемдік деңгейде зор әлеуетке ие болып отырғанын айтқан Мәжіліс төрағасы халықаралық парламентаралық қоғамдастық өзекті мәселелерді және Қазақстанның астанасында Еуразиялық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолдарын талқылауға ынталы екенін атап өтті.
Іс-шараға 70-тен астам елден делегациялар қатысады деп күтілуде.
Осыған орай, Ұйымдастыру комитетінің мүшелері маңызы зор саяси халықаралық оқиға саналатын алдағы парламенттік форумға дайындық мәселелерін қарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шүйірме, күлше, малта, сықпа. Құрттар.
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы