Нығматулин Қазақстанның сыртқы нарыққа ірі ет экспорттаушысы бола алатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы ет шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары екенін айтты.
«Біздің нәтижеміз жылдан жылға қуантып келеді. Ет пен ет өнімдері импортының ұдайы өсуін алсақ, мысалы, құс еті импортының үлесі 51% асады. Өткен жылы құс етін импорттау 191 мың тоннадан астам тоннаны құрады, ал 3 жыл бұрын бұл цифр 160 мың тоннадан асатын», - деді ол «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» атты паламенттік тыңдауда.Спикердің айтуынша дәл осындай жағдай жылқы етінің импортында да байқалып отыр. Соңғы үш жылда жылқы еті импортының көлемі де арта түскен. 2016 жылы жылқы етін өндіру 900 тоннаны құраса, 2018 жылы ол 2,5 есеге артып, 2 мың тоннаны құраған.
Спикер Қазақстанның сыртқы нарықтарға ірі ет жеткізушісі болуына барлық жағдай барын атап өтті.
«Бүгінгі таңда әлемдегі Қытай, Үндістан секілді мемлекеттерде халық саны артып, Африканың көптеген елінде жыл сайын азық - түлік қажеттілігі артып келе жатқан кезде ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген қажеттілік тек қана арта түседі және еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін, соның ішінде ет және сүт өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және экспорттау сияқты перспективасы бар секторларды дамыту үшін жасалып жатқан барлық жағдайды барынша пайдалану қажет», - деп айтты спикер.
Сонымен қатар, ол мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласына деген қолдауы жыл сайын артып келе жатқанын айтты.
«Соңғы бес жылда субсидия көлемі екі есеге артып, 2018 жылы 76 млрд теңгеден астам соманы құрады. 2014 жылмен салыстырсақ бұл сома 49 млрд теңге болды. Осының барлығы елімізде агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанының дәлелі», - деді Нығматулин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы Тоқаевпен алғашқы кездесуі туралы айтты
Өзгелердің жаңалығы