Нығматулин: Қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын.

"Он екі айдың сұлтаны" саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!

Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.

Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.

Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы