Нұржігітов: Басты мақсат маман даярлау, су үнемдеу технологияларын енгізу және суды қайта пайдалану

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде және басқа да 40-тан астам мемлекетте ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін, тәжірибе мен технология алмасу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, маман даярлау, су үнемдеу технологияларын енгізу, суды тазарту және қайта пайдалану туралы әңгімелесті.

Біздің министрлік кадр даярлау және олардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Мысалы, биыл 450 су маманы біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Қытаймен қазақстандық су шаруашылығы мамандарын көрші елде курстардан өткізу туралы келісім бар. Біз үшін тағы бір маңызды мәселе – су үнемдеу технологияларын енгізу және суды қайта пайдалану, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

АҚИҰ өкілдері министрлікпен аталған бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Оның ішінде ұйымға қатысушы басқа мемлекеттерді тарту, шетелдік сарапшыларды Қазақстанға шақыру, тәжірибе және технология алмасу арқылы қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы