Нұржан Нұржігітов: Су басқан аймақтарға 1000-нан астам маман мен 280 бірлік техника жұмылдырылды

Су тасқыны аймақтарында су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың су тасқыны аймақтарында Су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280-нен астам техникасы жұмыс істеп жатыр. Су шаруашылығы нысандарында жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су көлеміне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде тас, құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.

Министрлік жанынан құрылған жедел штаб жергілікті әкімдіктермен өзара тығыз іс-қимыл жасап жатыр. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері су шаруашылығы ахуалына тәулік бойы бақылау жүргізеді,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы