Нұржан Әлтаев 135 мың доллар көлемінде пара алған – Антикор

7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Н.Б. Әлтаевқа 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтан пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алып отырған деген күдік келтіріледі, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іси-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Кейіннен Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымын атқара отырып, Мырзахметовтан пара алу бойынша өзінің сыбайлас жемқорлық әрекетін жалғастырып отырғаны да нақтыланады.

Жалпы алғанда, олар пара ретінде 135 000 АҚШ долларын алды. Бұл аса ірі көлем болып саналады. Пара нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесуге, сондай-ақ Мырзахметовтың жетекшілік ететін Әлтаев салаларындағы мүдделерін жалпы қамқорлыққа алуға және лоббизм жасауға арналған, - дейді Антикор

Құзырлы ведомство ол жасаған қылмыс жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, тиісті құжаттармен, заттай дәлелдемелермен, барлық қатысы бар адамдардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен расталатыны да атап көрсетеді.

Жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, прокуратура органдарының келісімі бойынша Әлтаевтың әрекеттері ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы бойынша мәселе шешілуде, - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы