Нұрым Сағалиев: «Бұйратау» ҰТП-да браконерлік мүлде жоқ деуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аң бақылаушы биолог Нұрым Сағалиев Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйілісіндегі «Бұйратау» Ұлттық табиғи паркінде ашылғаннан бері жұмыс істеп келеді.
Нұрым Әбдікәрімұлымен бір сәті келгенде ҰТП аумағындағы аң-құстар, табиғи парктің қазіргі жағдайы, оның фаунасы мен флорасы жайлы әңгімелескен едік.
Ұлттық парк 2011 жылы 11 наурыздан бері жұмыс істеп келеді. Парк аумағы – 88968 гектар жерді алып жатыр. Қарағанды мен Ақмола облысының жерімен шектеседі. Парктің өзінде екі бөлімше бар. Бірі – Ерментау бөлімшесі. Жер көлемі айтарлықтай үлкен – 60814 гектар. Екіншісі – қазір біз отырған Ақдің бөлімшесі. Жер аумағы – 28154 гектарды алып жатыр – деп бастады ол әңгімесін.
Айтса айтқандай, Бұйтарау тауларын алып жатқан таулы-жазықты бұйраның ішінде орналасқан орманды алқап көргеннің көзін сүйіндіріп, көңілін ілепіртері анық.
Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқыңыздар.