Нұртай Сабильянов: Ұлттық қор "жамау" емес, болашаққа жұмыс істеуі керек

Мәжіліс депутаты әрі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов BAQ.KZ тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.

Сұхбат барысында депутат 2023 жылғы Мәжіліс шақырылымына қатысты қоғамда айтылып жүрген пікірлерге тоқталды. Парламентте ақын-жазушылар мен гуманитарлық сала өкілдерінің көп болуы қаншалықты орынды, заң шығарушы орган нақты заңгерлер мен экономистерден ғана тұруы керек пе деген сауалға жауап берді.

Сонымен қатар, ол Парламенттің атауы өзгеріп, депутаттар қайта сайлануы мүмкін деген бастамаға байланысты ойын ортаға салды. Бұл өзгерістер тек формальды сипатта қала ма, әлде Парламенттің ықпалы мен жауапкершілігі арта ма – осы мәселеге қатысты көзқарасын білдірді.

Нұртай Сабильянов өзінің депутаттық жолына да тоқталып, алдағы уақытта тағы да сайлауға түсу-түспеу жөніндегі ұстанымын айтады.

Сұхбаттың маңызды бөлігі Ұлттық қор тақырыбына арналды. Биыл Ұлттық қордан алынатын 2,77 трлн теңге, қордың болашақ ұрпақ үшін сақталуы, Мемлекет басшысының 2030 жылға қарай қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу талабы, сондай-ақ Парламенттің Ұлттық қорға нақты "қызыл сызық" қоя алмау себептері талқыланды.

Бұдан бөлек, депутат мұнайға тәуелділік мәселесіне тоқталып, 2026 жылы мұнайсыз түсетін табыстың 9 трлн теңгеге жетуі нені білдіретінін, болашақта мұнаймен бәсекелесе алатын нақты салалар қайсы екенін айтты.

Сондай-ақ, 31,9 трлн теңгеге жеткен мемлекеттік қарыз, оны өтеуге кетіп жатқан қомақты қаражат және бұл жағдайдың экономика үшін қаншалықты қауіпті екені жөнінде пікір білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы