Нұртай Әбіқаев басшылық қызметтен кетті
Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) қорытынды есеп беру конференциясы өткізіліп, онда ұйымның жаңа президенті болып Мәди Такиев сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәди Такиев Нұртай Әбіқаевты алмастырып, федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқаратын болады.
Бұл ретте отандық спорт қауымдастығының жаңа басшысы делегаттарға сенім білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Нұртай Әбікаевқа федерацияның құрметті президенті болып, ҚВФ қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды.
Сондай-ақ Мәди Такиев жиналғандарға Мемлекет басшысының еліміздегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарауды тапсырғанын еске салды. Айталық, клубтар мен федерациялар Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып, демеушілердің тізімін қалыптастыруды бастауға тиіс. Бұған қоса федерация президенті жергілікті спортшыларды даярлауға жіті көңіл бөлу қажет екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий теңізінің жағалауында 150-ге жуық итбалық қырылып қалған
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы