Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай  Тwitter-дегі парақшасында жазды. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің «тет-а-тет» форматындағы кездесу басталды. Келіссөз бойынша толық ақпарат Elbasy.kz сайтында жарияланады, - делінген хабарламада.

Кеше Елбасы Ресей Федерациясы Президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін барған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы