«Нұрсаяда» әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының филиалы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде 1 500 баланы қамтитын әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев онлайн брифингте хабарлады.

Ол 1 маусым балаларды қорғау күнінде балаларға арналған ғимараттар ашылатынын айтты.

Балаларды қорғау күніне орай, «Нұрсая» тұрғын үй кешенінде 1 500 баланы қамтитын әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Балалар көркем сурет мектебі жаңа ғимаратқа көшеді. әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 400-ден астам баланы тегін негізде IT бағыты бойынша  оқытатын «Sana» кретивті білім беру орталығы ашылады, - деп түсіндірді Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Сондай-ақ Орталық парктегі амфитеатрда мыңнан астам бала қатысатын республикалық фестиваль өтеді. Астаналық триатлон, «Жетісу», «Жерұйық» саябақтары, Жазушылар, Променад алаңдарында, Есіл өзені жағалауында мерекелік концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, конкурстар ұйымдастыралады.

Онымен қоса, айтуынша, жазғы демалыста «Жасыл ел» жастар еңбек жобасы басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар24
Өзгелердің жаңалығы