Нұрқанат Серікбаев Үлкен дулыға турнирінде жеңімпаз атанды
Ұлттық құрама спортшысы Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істеру комитеті мәлім етті.
Қазақстандық спортшы финалда Израиль палуаны Ям Волщакты сенімді жеңді.
Нұрқанат алғашқы белдесуінде Йохан Рохасты (Колумбия) ұтқан. Сосын Израиль палуаны Йехонатан Векслерді, Украина өкілі Дильшод Халматовты жарты жолда қалдырды. Жартылай финалда Балабай Агаевты (Әзірбайжан) қапы қалдырды.
Нұрқанат былтыр Ташкентте өткен Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің финалында қарсыласына жол беріп, күміс медальге ие болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәскеудегі теракт: тағы екі күдікті қамауға алынды
Өзгелердің жаңалығы