Нұрқанат Серікбаев – дзюдодан Grand Slam жарысының жеңімпазы
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды. Финалда ол Израиль спортшысы Ям Уолцакты ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, бесеуін де жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде ол Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) және Дильшот Халматовтан (Украина) басым түсті. Ал жартылай финалда Grand Slam жарысының үш дүркін жеңімпазы Балабай Агаевты ұтқан болатын.
Айта кетерлігі, бұл отандасымыздың Grand Slam жарысындағы алғашқы алтыны. Бүгінгі нәтижесі Нұрқанат Серікбаевқа әлемдік рейтингте қосымша 1000 ұпай еншілеуіне мүмкіндік береді.
Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысы наурыздың 24-іне дейін жалғасады. Жарысқа 83 елден 531 татами шебері қатысып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында өзендерде профилактикалық жарылыстар жасалды
Келесі жаңалық
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Өзгелердің жаңалығы