"НұрОрда" халықаралық мектебі атауы мен мәртебесін өзгертеді

Оқу-ағарту министрлігі "НұрОрда" Халықаралық мектебінің атауы мен мәртебесіне қатысты өзгерістер енгізілетін Үкіметтің қаулысын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Spectrum International School» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – білім беру ұйымына халықаралық мектеп мәртебесі берілсін.

Жобаны қабылдаудың мақсаты Үкіметтің шешімі бойынша Spectrum International School халықаралық мектебінің атауын өзгертуге байланысты түзетулер енгізу.

Құжат 26 сәуірге дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Астанада "Нұр Орда" мектеп-лицейі 2007 жылы ашылған болатын. Онда оқыту үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы