Нурмагомедов UFC-мен жаңа келісімшарт жасады

Алматы, BAQ.KZ. Хабиб Нурмагомедов абсолютті жекпе-жек чемпионатымен (UFC) жаңа келісімшарт жасады, деп хабарлады РБК. 

Ескі келісімшарт бойынша Нурмагомедовтің бір жекпе-жегі ғана қалған.

«Бұдан артық не бар. Өмірімдегі ең жеңіл келіссөз болды бұл. Бұл әділ, әрі нағыз іс бойынша болды», - деді менеджер Әли Абдель-Әзиз.

Сондай-ақ, Әли Абдель-Әзиз жаңа келісімшартты UFC тарихындағы ең ірі келісімшарттың бірі болғанын атады, алайда келісімшарттың нақты қандай сомада жасалғанын айтпады.

«Хабиб UFC-дегі ең қымбат төленетін спортшы, және біз бақыттымыз», - деді ол.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен америкалық спортшы Дастин Порье арасында жекпе-жек 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы