"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам пәтер тапсырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Бәйтерек" холдингі әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша 108,8 млрд теңгеге бағалы қағаздар сатып алған. 

Осы қаражат есебінен әкімдіктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына және "7-20-25" бағдарламасының қатысушыларына белгіленген бағамен 10,6 мың кредиттік пәтерді тапсырған. Бұл туралы "Бәйтерек" ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты. 

Осы қаражат есебінен әкімдіктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына және "7-20-25" бағдарламасының қатысушыларына белгіленген бағамен 10,6 мың кредиттік пәтерді тапсырды. Ағымдағы жылы әкімдіктерді 101,2 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланған, бұл шамамен 10,4 мың пәтер.Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің бағыты бойынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындарға 527 млрд теңгеге 50,3 мың жеңілдетілген қарыз берді, оның 67 млрд теңгесіне 8,6 мың қарыз "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілді, - деп мәлім етті Әнуар Омарқожаев брифинг барысында. 

Оның айтуынша, бұл қарыздар мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жылдық 5%-бен, 20% бастапқы жарнамен берілген. 

Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесінде 1,6 млн шарт бар, жинақ сомасы 806 млрд теңгені құрады. Банк теңгемен ұзақ мерзімді салымдар бойынша бірінші орында тұр.

Бұдан басқа, өткен жылдың шілдесінен бастап аз қамтылған отбасылар үшін 20 жылға дейін жылдық 2%-бен жеңілдетілген ипотекалық кредит беру "Бақытты отбасы" бағдарламасы жүзеге асырылуда. 

Республикалық бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 51,7 млрд теңге жалпы сомасына 5,2 мың өтінім келіп түсті, оның 50 млрд теңгеге 5 мың өтінімі мақұлданды (42,7 млрд теңге сомасына 4 233 қарыз берілді). Ағымдағы жылдан бастап, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы беру жоспары 10 мың қарызды құрайды, - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы